Еліміздің екі өңірінде үсік жүреді
Еліміздің екі өңірінде үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК қазанның 13-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.