Ақтөбеде шетелдік нөмірлі көлік иелерін бопсалаған топ ұсталды
Ақтөбеде шетелдік нөмірлі көлік иелерін бопсалаған топ ұсталды
Ақтөбеде шетелдік нөмірлі көлікті фотоға түсіріп, кейін иелерін бопсалаған топ ұсталды.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, күдіктілердің арасында кәмелет жасқа толмаған жасөспірім де бар.
Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасы үш қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп, сотқа жіберді. Сот алды тергеу кезінде бопсалаушы топтың жымысқы әрекеті белгілі болды.
«Күдіктілер Армения және Ресейден жеткізілген шетелдік көліктің нөмірін ұрлап, фотоға түсірген. Кейін көлік жанына Telegram мессенджерінің мекенжайын қалдырған. Жәбірленушілер байланысқа шығып, хат қалдырған. Негізі жәбірленушілер жаңа нөмір алуы үшін көлік тіркелген елге қайта баруы тиіс. Қорыққаннан жіберілген банк есепшотына 20-50 мың теңге аударып, мекенжай сілтемесімен нөмірін алған. Тергеу кезінде 16 дерек анықталды. Күдіктілердің бірі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім болып шықты. Топ ұсталған соң Ақтөбе қаласында көлік иелерін бопсалау дерегі тыйылды», - деді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.