Жаңалықтар

Тәжікстандағы сайлау: Эмомали Рахмон бесінші мәрте жеңіске жетті

ашық дереккөзі

Тәжікстандағы сайлау: Эмомали Рахмон бесінші мәрте жеңіске жетті

Тәжікстанда 11 қазанда өткен президент сайлауының  нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Ховар агенттігі.  Тәжікстанның Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының (СРОК) төрағасы Бахтиер Худоёрзоданың айтуынша, Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясы, Тәжікстан Жастар Одағы және Тәжікстан Халықтық Демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен Эмомали Рахмон 90,92% дауыс жинап, жеңіске жетті. Тәжікстанда сайлау өткізу үшін 68 сайлау округі, ел ішінде 3375, шетелде 39 сайлау учаскесі құрылған. СРОК мәліметінше, дауыс беруге 221 076 адам, яғни сайлаушылардың 85,39%-ы қатысты. Тәжікстанның аграрлық партиясын атынан үміткер болған Рустам Латифзод 3,03% дауыс жинаса, Тәжікстанның экономикалық реформалар партиясының кандидаты  Рустам Рахматзод 2,15%, Тәжікстан Компартиясының атынан сайлауға түскен Мирож Абдуллоев 1,17%, Тәжікстан Социалистік партиясының кандидаты Әбдухалим Гаффоров 1,49% дауысқа ие болды.