А.Мырзахметов: Мәселені шешудің бірден-бір жолы – көтерме үлестіру орталықтарын дамыту

А.Мырзахметов: Мәселені шешудің бірден-бір жолы – көтерме үлестіру орталықтарын дамыту

А.Мырзахметов: Мәселені шешудің бірден-бір жолы – көтерме үлестіру орталықтарын дамыту
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында азық-түлікті үлестірудегі тиімсіз делдалдықтың басты себебі сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымағандығымен байланысты екендігін айтты. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды. «Ресми статистика деректеріне қарағанда, елордамыздағы көтерме айналымның 1%-ы ғана ірі кәсіпорындар арқылы іске асырылады. Ал қалған 85% ұсақ кәсіпорындардың үлесінде. Бұл арадағы сансыз делдал мен жоғары бағаның өзара байланысты екендігін көрсетеді», - деді ол. «Аталған мәселені шешудің жолын біз көтерме үлестіру орталықтарын дамытудан көріп отырмыз. Біздіңше, бұл бағытқа мемлекет тарапынан жер телімдерін бөлу, тиісті инфрақұрылымды келтіру және осы сипаттағы тағы да басқа қолдаулар білдірілуі керек», - деп толықтырды министр. Оның айтуынша, осылайша, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірілген ұсақ фермерлер өркениетті өткізу нарығына тікелей шығуға мүмкіндік алады. Ал көтерме үлестіру орталықтары жүргізілетін операциялардың масштабы, көлемі мен сипатына қарай ауыл шаруашылығы кооперативтері өнімдерін орналастыратын алаңға айналып, алдағы уақытта қолжетімді бағамен қандай да бір делдалдардың үстемелерінсіз ірі елді мекендер тұрғындарының отандық сапалы өнімге деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.