Ел азаматтары «Nur Otan»-ға қашықтан жүгіне алады

12 қазан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Ел азаматтары «Nur Otan»-ға қашықтан жүгіне алады «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі мемлекеттік орган басшылары мен Парламент депутаттарының азаматтарды жеке қабылдауын қайта қолға алады. Пандемия жағдайына байланысты халықпен кездесулер қашықтан өтеді. «Nur Otan» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Сақтаған Сәдуақасовтың айтуынша, енді азаматтарға өз сауалдарын жолдау оңайырақ болады. Бұрын олар партия филиалына арнайы келулері қажет болса, енді смартфонға немесе компьютерге Zoom қосымшасын орнату жеткілікті. «Бұл – өте қарапайым әрі ыңғайлы әдіс. Өйткені енді сіз үйден шықпай-ақ қандай да бір басшылармен, депутаттармен сөйлесіп, өзекті мәселелерге назарын аударуға болады. Партия үшін азаматтардың денсаулығы – негізгі басымдық, сондықтан онлайн формат COVID-19 індетін таратпауға байланысты санитарлық сақтық ережелерін сақтауға  жақсы көмектеседі», -деді Сақтаған Сәдуақасов. Сонымен, 2020 жылдың қазан айында мына азаматтар қабылдау өткізеді: Қабылдауға жазылу үшін 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) телефонына хабарласуға немесе komek@nurotan.kz электрондық поштасына «Азаматтарды қабылдау» белгісін қою арқылы жазылуға болады.