Нұр-Сұлтанға Ресейден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанға Ресейден ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Елордаға Ресейден ұшып келген жолаушылардың бірі коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының анықтамасынсыз келген. Дәрігерлер оны бірден карантин стационарына жеткізіп, қажетті зертханалық тексерулерден өткізді. 4 сағаттан соң сынама нәтижелері дайын болып, жолаушыдан коронавирустың симптомсыз түрі анықталды.
Науқас үй карантиніне жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жері бойынша емхана мамандарының бақылауында болады.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 74 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 108 831-ге жетті. 104 мыңнан астам адам емделіп шықты. 1746 науқас індеттен көз жұмды.
Ал әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 37,4 миллионнан асып жығылды. Қатерлі вирус 1 миллионнан аса адамның өмірін жалмады.