Жаңалықтар

Қандастарға арналған халықаралық сурет байқауы жарияланды

ашық дереккөзі

Қандастарға арналған халықаралық сурет байқауы жарияланды

16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Отандастар қоры» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен шетелдегі этникалық қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің, сондай-ақ елге оралған қандастардың мектеп жасындағы ұл-қыздары арасында «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауын жариялайды! Байқауға 7 – 18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер өзі туралы мәліметтерді алдын ала g_moonlight@mail.ru электронды поштасына жіберу арқылы тіркеледі: - Тегі, Аты, Әкесінің аты; - Қатысушының жасы; - Ел, қала; - Мекеменің атауы; - Байланыс деректері (телефон нөмірі мен электронды поштасы). Жұмыстар жас ерекшелігіне қарай екі топ бойынша бағаланады: I топ - 7-12 жас аралығы; II топ - 13-18 жас аралығы. Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар: - Шығарманың тақырыбы мен мазмұн-маңызын ашу; - Қазақстанның өсіп-өркендеп, көркейе түскен кескін-келбетін суреттеу; - Қазақстан тарихы; - Қазақстанның салт-дәстүрі; - Мен Қазақстанның болашшағын қалай көремін; - Ұлттық ертегілері. - көркем жұмыстар I топ бойынша (7-12 жас аралығы) А3 қағаз форматында орындалады; - көркем жұмыстар II топ бойынша (13-18 жас аралығы) А2 қағаз форматында орындалады; - аралас техника қолдану; - авторлығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (толық аты-жөні, жасы, елі мен қаласы); - байқауға шығармалар қабылдаудың межелі мерзімі: 12 қазан - 12 желтоқсан аралығы; - шығармашылық жұмыстар аталған мерзім аралығында g_moonlight@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар қабылданбайды; - жеңімпаз бен жүлдегерлер 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде жария етіледі. Ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 2 топтан ең үздік деп танылған 3-3 шығармашылық жұмыстың 6 авторы байқау жүлдегері атанады. Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылардың үздік жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған. Байқауда бағы жанған өресі биік өрендерге Назарбаев зияткерлік мектебі лагеріне маусымдық тегін жолдама беріледі және серіктестерден сыйлықтар алады! Байланыс телефондары: 8 /7172/ 23 59 20. WhatsApp: +7 701 730 77 82.