Новосібір қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды
Новосібір қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен “Отандастар қоры” КеАҚ ұйымдастыруымен Ресейдің Новосібір қаласында онлайн қазақ сыныбы өз жұмысын бастады. Бұл туралы “Отандастар қорының” Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
10 қазан күні “Отандастар қоры” КеАҚ жобалар координаторы Дидар Болат, “Отан” қазақ мәдени орталығының төрайымы Орынкүл Настушева, Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарипов, қазақ тілі пән мұғалімі Злиха Байбосынованың қатысуымен онлайн ресми ашылуы өтті.