Әзербайжанның Гянджа қаласында көппәтерлі үйге зымыран құлады
Әзербайжанның Гянджа қаласында көппәтерлі үйге зымыран құлады
Арменияның Бердский ауданы аумағынан Әзербайжанның екінші ірі қаласы – Гянджаға тағы да оқ атылды. Шабуыл салдарынан 9 адам көз жұмды. Бұл туралы бүгін елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Әзербайжанның бас прокуратурасының мәліметінше, өткен түнде көппәтерлі тұрғын үйге зымыран түскен. Ғимарат толығымен қирап қалған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 28-і жарақат алған. Елдің ТЖМ үйінді астынан марқұмдар мен жаралылардың табылғанын хабарлады. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Арменияның Қорғаныс министрлігі зымыран ұшырылғанын жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ бүгін Әзербайжанның бас прокуратурасы Ереванның Оңтүстік Кавказдағы ірі жылу электр станциясы орналасқан Мингячевир қаласына оқ жаудырғанын хабарлады.