Жаңалықтар

Санитарлық талаптарды жиі бұзатын өңірлер анықталды

ашық дереккөзі

Санитарлық талаптарды жиі бұзатын өңірлер анықталды

5 шілдеден бастап құқық қорғау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған адамдарға 895 миллион теңгеге 16 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырды. "Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық  кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 5 шілдеден бастап 894,8 миллион теңге (екі миллион доллардан астам) сомасына 15 817 хаттама жасалды", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Сонымен қатар, жеке тұлғалар 307,4 миллион теңге айыппұл төледі. Құқық бұзушылықтың саны жағынан көшбасшы өңірлер: Алматы (3837 хаттама), Түркістан облысы (2974 хаттама) және Қостанай облысы (1323 хаттама).