Жаңалықтар

БАҚ: Украиналық саясаткерлер Ресей вакцинасын бейресми жолмен сатып алатын жер іздестіруде

ашық дереккөзі

БАҚ: Украиналық саясаткерлер Ресей вакцинасын бейресми жолмен сатып алатын жер іздестіруде

Украиналық саясаткерлер ресейлік вакцинаны бейресми жолмен сатып алудың амалын қарастыруда. Бұл туралы "Слуга народа" партиясындағы дереккөзіне сілтеме жасап RT телеарнасы хабарлады. — Украина қазір дүрлігіп тұр: саясаткерлер ресейлік вакцинаны бейресми жолмен сатып алатын жер іздестіріп жатыр. Сарапшылардың күн сайын қайталайтыны бір: Ресейде жасалған екпені сатып алуға болмайды.  Мұндай қатынастың астарында «украиндықтар өлсе өле берсін, ең бастысы Ресейден ештеңе алмасақ болды» деген ұстаным жатыр, — дейді телеарнаның дереккөзі. Ал Украина денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, мемлекет пандемиямен күресте дәрменсіз екенін мойындап отыр. Ел ауруханалары науқастарға лық толы, төсек-орын тапшы. Оттегі апараттары да қат. "Слуга народа" партиясы өкілінің пікірінше, Украинадағы жағдайды ретке келтірудің жалғыз жолы – Ресейден вакцина сатып алу. «Індет шарықтау шегіне жетпегенін ескерсек, алдағы уақытта жағдай бұдан да қиындай бермек. Ал Украина аумағын толық карантинге жабу мүмкін емес», — дейді ол. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы Украинада 263 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Елде індеттен 5010 адам көз жұмған. Еске сала кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында  сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу мәселесін саясиландыруға жол бермеу керегін айтқан еді. Сондай-ақ , Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне қазақстандықтарды сапалы препараттармен вакцинациялауды тапсырды.