Жаңалықтар

Qantas әуе компаниясы «Белгісіз бағытқа сапар» атты акция бастады

ашық дереккөзі

Qantas әуе компаниясы «Белгісіз бағытқа сапар» атты акция бастады

Австралиядағы ең ірі әуе компанияларының бірі Qantas «Белгісіз бағытқа сапар» атты акция ұйымдастырды. Сапардың әуеде саяхаттауды ұнататын азаматтарға арналған. Ұшаққа мінген кез келген адам жеті сағат бойы көкте болып, табиғат кереметтерін биіктен тамашалай алады. Акция аясында Сидней әуежайынан басталған алғашқы рейске 150 жолаушы мініпті. Бағасы 566 доллардан 2700-ге дейін жететін билеттер бар-жоғы 10 минутта сатылып кеткен. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл әуе тасымалдаушы тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай екен. Еске сала кетейік, бұған дейін Singapore Airlines әуе компаниясы «бағытсыз рейстер» тәжірибесінен бас тартып, пандемия салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс кезінде өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін әуеде емес, жерде қызмет көрсету жолдарын қарастырып жатқанын хабарлағанбыз. Атап айтқанда, компания ұшақ бортын мейрамханаға айналдыру тәжірибесі сынап көрмек.