Назарбаев "Террористермен байланысы барларды" Түркияға ұстап беруге уәде етті
Назарбаев "Террористермен байланысы барларды" Түркияға ұстап беруге уәде етті
Түркияға 5 тамызда жұмыс сапармен барған Қазақстан президенді Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-түрік лицейлеріндегі Фетхуллах Гүленмен "террористік байланыс орнатқан" қызметкердің кез-келгенін Түркияға ұстап беруге уәде берді.
АҚШ-та тұратын ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гүленді Түркия президенті Тайып Эрдоған 15 шілдедегі сәтсіз мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырған деп айып отыр. Бүліктен соң Түркия билігі бірқатар елдің үкіметтерінен басқа мемлекетті паналаған Гүленге қатысы бар оқу орындарын жабуды талап етті.
Бұл талапқа әр ел әрқалай жауап берді. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Түркияның тәуелсіз мемлекеттегі білім беру жүйесіне араласа алмайды десе, бұған дейін Қазақстан билігі қазақ-түрік лицейлерінің Гүленге ешқандай қатысы жоқ және білім мекемелері Қазақстан үкіметінің бақылауында деп жауап берген еді.
Соған қарамастан Түркия президенті Астанадан республикадағы 33 лицейді тексеріп шығуын сұрады.
"Бұл мектептерді мемлекет бақылайды. Біз Түркияға қауіп төндірушілерді қолдамаймыз. Ол біздің мүддемізге қайшы келеді. Біз бұл мектептердің барлығын тексеретін болып келістік. Егер олардың [Гүленмен] байланысы дәлелденсе, біз оқытушыларды алмастырамыз", - деді Назарбаев.