Жаңалықтар

"Қытай әлемге жасаған ісі үшін жауап береді": Трамп Пекинді жазалауға уәде берді

ашық дереккөзі

"Қытай әлемге жасаған ісі үшін жауап береді": Трамп Пекинді жазалауға уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың коронавирус індетінің таралғаны үшін "жауап беретініне" уәде берді, деп хабарлайды РИА Новости. "Бұл сіздердің кінәларыңыз емес, болған жағдайға Қытай кінәлі. Қытай біздің елге және әлемге жасаған ісі үшін жауап беретін болады", – деп мәлімдеді Трамп Twitter-де жариялаған бейнеүндеуінде. Ал Қытай коронавирус инфекциясының тарауына байланысты АҚШ-тың айыптауларын теріске шығарып отыр. Сондай-ақ, Дональд Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина қараша айындағы президент сайлауынан кейін пайда болатынын айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, бұған саясат кінәлі. Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы кеңесшісі Трампты пандемия жайлы ескертулерді елемеді деп айыптаған еді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның сөзінше, Ақ үй басшысы Қытаймен сауда келісімі қиындайды деген қауіппен коронавирус эпидемиясының басталуы туралы алдын ала ескертулерге құлақ аспаған. Трамп ҚХР-мен мәмілеге жасасуға кедергі келтіретін жағдайдың бәрін жылы жапқан. «Президенттің түйткілді елемеуі салдарынан мемлекет эпидемияны жеңе алмай отыр», – деді президенттің бұрынғы кеңесшісі. Бүгінде АҚШ та коронавирус жұқтырғандар саны 7,5 миллионнан, ал індет құрбандарының саны 211 мыңнан асып жығылды. Жуырда Америка басшысы Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания да індет жұқтырды. Ем қабылдау үшін ол Мэриленд штатындағы Уолтер Рид атындағы әскери-медициналық ұлттық орталығына тікұшақпен жеткізілген еді. Алайда Трамп онда көп уақыт болмай, Ақ үйге қайта оралды.