Алғашқы жүлде - дзюдошы Отгонцэцэг қола медаль иеленді

Алғашқы жүлде - дзюдошы Отгонцэцэг қола медаль иеленді

Алғашқы жүлде - дзюдошы Отгонцэцэг қола медаль иеленді
ашық дереккөзі
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг кубалық Местре Альваресті жеңіп, Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне ие болды. Айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Бұған дейін Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан 2014 жылғы әлем чемпионы Ами Кондрдан айласынан асыра алмаған болатын. Осылайша қазақстандық дзюдошы алтын алқа үшін күресу мүмкіндігінен айырылды. Кейін венгриялық дзюдошы Эва Черновицкиге қарсы иппон әдісін қолданып, таза жеңіске жетті. Ал бірінші айналымда Отгонцэцэг гвиней-бисаулық Тасиана Лимаменнен басым түсті.