Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдо күресінен 60 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесу аяқталды. Финалда қазақстандық балуан Елдос Сметов пен ресейлік Беслан Мудрановпен жолықты. Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды.
Осының алдында әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы қола жүлдені қоржынға салған еді.
Дзюдо күресін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Жартылай финалға дейінгі және жұбаныш белдесулері сағат 19:30-да басталды. Ал финал Астана уақытымен 00:25-те басталған болатын.