Елдос Сметов - күміс жүлдегер

Елдос Сметов - күміс жүлдегер

Елдос Сметов - күміс жүлдегер
ашық дереккөзі

Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдо күресінен 60 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесу аяқталды. Финалда қазақстандық балуан Елдос Сметов пен ресейлік Беслан Мудрановпен жолықты. Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды.

Финалдық белдесу аса тартысты өтті. Қос балуан жеңіс үшін барын салды. Тек соңғы сәтте жерлесіміз иппонға түсіп қалды. Нәтижесінде Елдос Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Елдос Сметов жартылай финалға дейін алдымен Ливиядан келген Элкабиса Мохамед Эльхадиді жеңді. Одан кейін британдық балуан Эшли Маккензиді қапы қалдырды. Сосын өзіне жақсы таныс өзбек дзюдошысы Диорбек Уразбаевты ұтты. Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Сафаровтан басым түсті.

Осының алдында әйелдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы қола жүлдені қоржынға салған еді.

Дзюдо күресін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тікелей эфирден көрсетті. Жартылай финалға дейінгі және жұбаныш белдесулері сағат 19:30-да басталды. Ал финал Астана уақытымен 00:25-те басталған болатын.