Жаңалықтар

Президент қазақстандықтарды сапалы препараттармен вакцинациялауды тапсырды

ашық дереккөзі

Президент қазақстандықтарды сапалы препараттармен вакцинациялауды тапсырды

Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. Берік Уәлидің сөзінше, Мемлекет басшысы бұл тапсырманы коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңес барысында айтқан.