Бірліктің арқасында праймериз оң нәтиже берді – ақмолалық ұстаз
Бірліктің арқасында праймериз оң нәтиже берді – ақмолалық ұстаз
Праймеризге қатысушы, Ақмола облысы Егіндікол ауданындағы Егіндікөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Балшых өткен партияішілік сайлау жайында өз пікірімен бөлісті.
«Праймериз аясында дамудың 7 бағыты бойынша бағдарлама жасалынып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім.
3 маңызды кезеңнен тұрған партияішілік сайлауда бағыт-бағдар беріп, көмек көрсетіп, қолдау жасаған барша жерлестеріме үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл туған өлкемнің бүгіні мен ертеңіне немқұрайлы қарамайтын азаматтары. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығара отырып, бірліктің арқасында өткізілген бұл жұмыс оң нәтиже берді деп санаймын.
Праймеризге қатыса отырып, өзімнің өмірлік тәжірибе сандықшама: өзгеге деген қамқорлық, ұйымшылдық, шынайы сөз, әрекет ету, қолдау жасау, жанашыр болу сынды қасиеттерді толықтыра түстім деп ойлаймын.
Алда әлі де талай жұмыстар күтіп тұр. Білетінім бір тоғыз болса, білмейтінім 99 екендігі сөзсіз. Дегенмен, қолымнан келгенше халық мәселесін шешуге атсалысуға барымды саламын.
Туған жер атты қасиетті ұғымды аялап, көкке көтере отырып, өзімнің перзенттік борышымды осы саралы жолда ақтай аламын деп сенемін», – деді ол.