Қазақстан мен Ресей премьерлері Мәскеуде кездесті

Қазақстан мен Ресей премьерлері Мәскеуде кездесті

Қазақстан мен Ресей премьерлері Мәскеуде кездесті
ашық дереккөзі
Мәскеуге жұмыс сапарымнен барған Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында премьер-министр Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.