Жаңалықтар

Праймеризге қатысушылар марапатталды

ашық дереккөзі

Праймеризге қатысушылар марапатталды

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов партияішілік іріктеудің 30 қатысушысына алғыс хаттар табыс етті. Ол праймериз жеңімпаздары бірден өз бастамаларын жүзеге асыруға кіріседі деген үмітін білдірді.

Кездесу партияның аймақтық филиалының кеңсесінде өтті. Әбілқайыр Сқақов партия ішіндегі дауыс берудің аяқталуымен құттықтап, партия мүшелерін өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыруға бірден кірісуге шақырды. – Праймериз жастар үшін өз бастамалары туралы хабарлаудың бірегей мүмкіндігі болды, – деп атап өтті Торайғыров университеттің «Биология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ирина Чидунчи. Праймеризге дауыс беру 1-4 қазан аралығында өтті. Павлодар облысы бойынша оған «Nur Otan» партиясының 38 960 мүшесі қатысты. Олардың 80 пайыздан астамы онлайн дауыс берді.