ОҚО: Азық-түлік қауіпсіздігі – өзекті мәселе

ОҚО: Азық-түлік қауіпсіздігі – өзекті мәселе

ОҚО: Азық-түлік қауіпсіздігі – өзекті мәселе
ашық дереккөзі
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше, бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Жер шары тұрғындарының саны өс­кен сайын халықты азықпен қам­та­масыз ету мәселесі де қиындай түсуде. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген бол­жам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу – әлем жұртшылығын алаң­да­тып отырған басты мәселе екен­дігі анық. Қазіргі таңда азық-тү­лік тапшылығы орын алып, ашар­шы­лықтан зардап шегіп жатқан елдер де жоқ емес. Дүниежүзінде бү­гінгі күні созылмалы аштық дер­тіне шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл Жер шары тұрғындарының 14 пайызын құ­рай­ды. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде. Бұл маңызды мәселе турасында Қазақстан Президенті Н.На­­зарбаев ШЫҰ мүше мемлекет­те­рі басшыларының отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі уақыт­та әлемдік тұтыну мен табиғат апат­та­рының салдарынан шикізат пен энер­гия ресурстары бағасының өсуі азық-түлік өнімдерінің қымбат­тауы­на алып келді. Азық-түлік дағдарысының зар­дап­тары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық және халықаралық деңгейде тұрақ­тан­дырып, үйлестірілген және келі­сіл­ген әрекеттерді жүзеге асыру шарт», – деп атап өтіп, ШЫҰ-ға­ қатысушы мемлекеттердің арасын­дағы азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мәселелері бойынша ынты­мақтастықты арттыру керек­ті­гін айтқан болатын. Сондай-ақ осы отырыста Елбасы азық-түлік қауіп­сіз­дігі мен суды пайдалану ісінің маңыз­дылығын ескере отырып, «Су-азық-түлік» комитетін құру жөнінде бастама көтерген-ді. Азық-түлік дағдарысының әлем бойынша белең алып отырған шағында мұндай іс-шаралардың жедел қолға алынып, нақтыланған жүйеде жұмыс атқаруының, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша қор жинаудың, сондай-ақ елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы мен тамақ өнеркәсібіне аса мән беріп, олардың жұмысын жандандыруды қадағалау қажет. Осы орайда айта кетерлігі, қай елде болмасын ауыл шаруа­шы­лығының өркенді дамуы алдымен қаржыландыру мәселесіне тікелей бай­ланысты. Өкінішке қарай, банктер ауыл шаруашылығына қаржылай несие беруге құлықсыз немесе несие пайызы өте жоғары және алынатын өнім мөлшері мен сапасы да көптеген сыртқы факторлардан (ауа райы, жел, су т.б.) тәуелді болғандықтан, өндірушілердің өздері де тәуекелге бара бермейді. Қаржы жағдайының кемдігінен жаңа ин­но­вациялық технологияларға да қолжетімділік барынша арман күйінде қалуда. Мысалы, ауыл шаруашылық, бақша өнімдерін өңдейтін технологиялардың жедел иге­рілмеуі, шағын цехтардың бол­мауы, ала жаздай еңбектенген шаруалар еңбегінің зая кетіп отыруының басты себебі. Өндірілген өнімдерді тікелей өткізетін сауда жүйе­сінің жоқтығы – өнімнің жарамсыз болып, құнсыздануына әкеледі. Мемлекет үшiн елдiң азық-тү­лiк қауiпсiздiгiн нығайту, соған орай iс-қимыл жасау бiрiншi кезектегi мiндет болып отыр. Мiне, осыны басшылыққа алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов азық-түлік қауіпсіздігін нығайту әрі шешудiң жолдарына назар аударады. Әрине, облыста аграрлық сектор саласының мүмкiндiгi мол. Жыл сайын облыс ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруде бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткiзiп келедi. Бұл бағытта қандай жұмыстар қолға алынып жатыр? Қолда барды бағалай алып жүрмiз бе? «Қазақстанның халықаралық деңгей­дегі экономика қауымдасты­ғы­ның тұрақты мүшесіне айналуы – отан­дық нарық тарихында өз­ таңбаларын қалдыруда. Бүгінгі мақсатымыз – әлемдік на­рық­та орнымызды тауып, техноло­гия­лардың даму заманында бәсе­кеге қабілетті өнім өндіру, мемле­ке­тіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болса керек», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мырза. «Ауыл шаруашылығын қар­жы­лай қолдау қоры» АҚ шағын несие­леу бойынша уәкілеттік ұйым ре­тінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және да­мыту бағдарламасы аясында ша­ғын кәсіпкерлікті шағын несиелеу бағыты бекітілген. Бағдарламаның мақсаты – аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және баланстандырылған өсуі мен істеп жатқан және жаңа жұмыс орындарын ашуды қам­та­масыз ету. Ол үшін 2016 жылы рес­пуб­ликалық бюджеттен 2 млрд 647 млн теңге бөлінді. 2017-2018 жылдары да осы көлемде қар­жыландыру жоспарланған. Атал­ған несиелеу бағдарламасы Қазақстан­ның барлық облыстарында жүзеге асы­рылады. Бөлінген қаржы моно­қа­лалар, шағын қалалар, ауылдық елді мекендердегі шағын қаржы ұйымдарын несиелеу арқылы шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеуге бағытталады. «Несиелеу бағ­дар­ламасының талаптарына сәйкес, қарыздар шағын несие ұйым­дарына одан әрі өз жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе асы­руды жоспарлаған кәсіпкерлерге бағыт­талады», – дейді «Ауыл шаруа­шы­­лығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев. Шағын қаржы ұйымына берілетін қарыздың максималды сомасы – 350 млн теңге, бір түпкі қарыз алушыға – 10 млн теңгеден аспайды. ШҚҰ үшін бекітілген сыйақы үстемесі – жылдық 4%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі – 4,5% аспайды; түпкі қарыз алушылар үшін номиналды үстеме – жылдық 12% аспайды. Бүгiнде ел экономикасы аграрлық секторының құрылымы жан-жақты кеңейiп келедi. Десек те, шағын да шашыраңқы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер материалдық-тех­никалық ресурстармен жабдық­тау­шы, өнiм өңдеушi, сауда құры­лымдары делдалдар мен тұты­ну­шылар тарапынан түрлi кедергiлер мен қолайсыздықтарға кезiгiп отыр­ғаны да жасырын емес. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн iрi кәсiпорындар саудада, өңдеу нарықтарында монополиялық жағдайды пайдаланып, шағын шаруашылықтарды көбiне өз дегенiне мәжбүрлейтiнi де рас. Осы ретте шаруалардың мүдделерiн бiрiншi кезекке қоя отырып, олар өндiрген өнiмдердi барынша ұқ­сатып, өңдеп нарыққа шығару еңбек өнiм­дiлiгiн арттырумен қатар диқан мен егiншiнiң маңдай терлерiнiң өтемi де болар едi.

Динара Мыңжасарқызы