Арман Қырықбаев: Праймериз азаматтардың мүмкіндігіне үміт беретін жаңа «әлеуметтік лифтіге» айналды

6 қазан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Арман Қырықбаев: Праймериз азаматтардың мүмкіндігіне үміт беретін жаңа «әлеуметтік лифтіге» айналды Бұл туралы партиясының хатшысы Арман Қырықбаев «Праймериз 2020, «Nur Otan» партиясының ішкі партиялық іріктеу қорытындысы» баспасөз конференциясында атап өтті. «Праймериз саяси аренада азаматтардың көзқарастарын білдіретін және өз ұстанымдарын қорғауға мүмкіндік беретін жаңа «әлеуметтік лифтіге» айналып отыр», – деді Арман Қырықбаев. Сонымен қатар, негізгі әлеуметтік топтардың қамтылуын атап өтті. «Кандидаттардың сапалық құрамы қызметтеріне қарай 31% – білім және ғылым саласының өкілдері, 14% – шағын және орта бизнес, 7,8% – мәдениет және спорт, 7,1% – қызмет көрсету саласы, 6,2% – ауыл шаруашылығы, 4,6% – өнеркәсіп және басқалар», – деді. Айта кетейік, брифингке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Казанцев Павел, саясаттанушы, «Nur Otan» партиясының жақтастары Лигасының мүшесі Саиров Ерлан қатысты. Естеріңізге сала кетейік, праймериздің бірінші кезеңі бойынша сайлаушылардың дауысын есептеу жұмысы толықтай аяқталды. Праймеризге 10 990 кандидат қатысты. Оның 7 143-і – өзін-өзі ұсынушылар. 36%-тен астамы – әйелдер, 29%-і – 35 жасқа дейінгі жастар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. https://youtu.be/q1McKVq_qx4