Асқар Мамин министрліктерге бірқатар тапсырма берді
6 қазан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Асқар Мамин министрліктерге бірқатар тапсырма берді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ішкі және сыртқы нарықта отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді ілгерілету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай ішінде нарықты отандық азық-түлік тауарларымен молайту жөніндегі кешенді жоспар қабылдасын», – деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.
Осы орайда А.Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі Экология, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, ішкі нарықта жетіспейтін өнімдер өндірісін ынталандыру жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселелерін пысықтап, бұл ретте балық шаруашылығы саласын дамыту жоспарларын ескеруді тапсырды.
«Өңірлердің әкімдері осы жобалардың іске асырылуын жеке бақылауға алсын және қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ шикізаттан бастап экспортқа дейін барлық мәселелерді инвесторлармен пысықтасын. Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, өндірісті кеңейту жөніндегі межеленген жоспарларды ескере отырып, қажетті логистиканы қамтамасыз ету әрі ішкі және сыртқы нарықта отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді ілгерілету жөніндегі шараларды қабылдасын», – деді Үкімет басшысы.