Филиппинде жаңа оқу жылы басталды

Филиппинде жаңа оқу жылы басталды

Филиппинде жаңа оқу жылы басталды
ашық дереккөзі

Филиппинде жаңа оқу жылы басталды. Коронавирустың таралуы салдарынан оқулары екі рет кейінге шегерілген 20 миллионнан астам оқушы енді қашықтан білім алмақ. Мектептер індеттің таралуын өршітуі мүмкін деген қауіптенген ел билігі әзірге дәстүрлі білім беру жүйесін жандандыруға ниетті емес. Филиппин президенті Родриго Дутертенің айтуынша, оқушылар қатерлі вирусқа қарсы вакцина пайда болғанша мектепке оралмайды. Әзірге сабақ үш нұсқада – теледидар арқылы, онлайн және басып шығарылған материалдармен модульді оқыту жүйесі бойынша жүргізілуде. Десе де, ата-аналар интернет сапасының төмендігінен балалар оқу бағдарламасын игере алмай жатқанына шағымдануда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қырғызстандық оқушылар мектепке оралғанын хабарлағанбыз. Коронавирустың таралуына байланысты бастапқыда Қырғызстандағы барлық білім беру мекемелері онлайн жүйеге көшкен. Жаңа оқу жылында мектептерге баруға 1 сынып оқушыларына ғана рұқсат беріліп, басқа сыныптар қашықтан оқу форматында қалған. Алайда елдегі эпидемиологиялық ахуалдың оңалуына байланысты үкімет 1-6 сынып оқушыларының мектепте білім алуына рұқсат беруді жөн көрді.