Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Сондай-ақ!

Таулы Қарабақтағы соғыс: Әзербайжанда Жеңіс күні жарияланды

Әзербайжанда Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталуына байланысты Жеңіс күні жарияланды. Бұл мереке жыл сайын 10 қарашада атап өтілмек. Бұл туралы мемлекет басшысы Ильхам Алиев мәлімдеді,...

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен, Жамбыл облысының тұрғындарын газдандыру және сумен жабдықтау деңгейі жыл қорытындысы бойынша 82...

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. –...

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық шығарғаннан кейін алды. Бұл туралы  Қазақстан Президентінің телерадиокешені дайындаған «Назарбаев факторы» атты...

Алматыда 300 төсек-орынға арналған екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды.

Аурухананың құрылысы 1 тамызда басталып, 1 қазанда аяқталды. Ол «Aport» сауда ойын-сауық орталығының жанында орналасқан және қалалық клиникалық инфекциялық балалар ауруханасының филиалы саналады.

Госпиталь 12 блоктан тұрады, оның ішінде 8 палаталық бөлім бар. Онда 300 төсек-орын және 30 реанимация палатасы бар. Барлық төсектер медициналық газбен және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Аурухана заманауи КТ, рентген, ультрадыбыстық аппараттармен жабдықталған, сондай-ақ коронавирусқа арналған ПТР диагностикасын қосқанда зерттеудің барлық түрлері жүргізілетін өз зертханасы бар.

«Әр блок жеке жұмыс істейді. Адамдар палатада оқшаулана алады. Соған барынша мүмкіндік жасалған. Палата 2-3 адамға арналған. Жуынатын бөлме,кір жуатын орын мен асхана бөлек. Алдынғы модульді ауруханаларда бұлар қарастырылмаған. Сонымен қатар, ауруханада оттегі станциясы бар», – дейді Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин.

Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Сонымен қатар, ол ауаны тазарту, ағынды суларды, оның ішінде жаңбыр суларын залалсыздандыру, медициналық қалдықтарды жою жүйелері барлық экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асатынын айтты.

«Жаңбыр суына дейінгі барлық қалдық су үш бөліктен тұратын арнайы құрылымға жиналады. Онда ол дезинфекцияланады, содан кейін ғана ол жалпы қалалық канализацияға жіберіледі. Бізде медициналық қалдықтарды жоятын бөлім де бар. Олар «В» сыныбынан «А» сыныбына ауысады. Қолданылған заттар 140 градус ыстықта залалсыздадырылып, ұсақталып барып қоқыс контейнеріне тасталады «, – деп қосты дәрігер.

Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Клиникада пациентті қажетті тексеруден өткізуге мүмкіндік беретін диагностикалық бөлім бар.

«Біздің қызметкерлердің тәжірибесі мол. Жұмысқа жаңадан қабылданғандар міндетті түрде екі апталық тәжірибеден өтеді. Мұнда 68 дәрігер, 172 мейірбике және 120 басқа да медициналық қызметкер жұмыс істейді. Оның барлығы қорғаныс костюмімен, маскамен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін қорымыз бар. Біз әртүрлі сценарийлерді әзірледік және кез келген уақытта науқастарға көмек көрсетуді басшылыққа алдық», – дейді Ержан Сералин.

Алматыда екінші модульді инфекциялық аурухананың құрылысы аяқталды

Клиниканың екі гектар аумағы абаттандырылды, көгал төселіп, қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Jasyl Almaty» бағдарламасы аясында қосымша көшет отырғызуды тапсырған болатын. Модульдік аурухана науқастарды осы аптадан бастап қабылдайды. Коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда, аурухана коронавирусққа шалдыққан барлық науқастарға көмек көрсетеді.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85...

Таулы Қарабақтағы соғыс: Әзербайжанда Жеңіс күні жарияланды

Әзербайжанда Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталуына байланысты Жеңіс күні жарияланды. Бұл мереке жыл...

Биыл 120 мың жамбылдық көгілдір отынға қол жеткізеді

Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Мәселен,...

Қазақстандық пияздың 75 пайызы Жамбыл облысында өсіріледі

Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысының шаруалары 332,6 миллиард теңгенің өнімін өндірді....

Ел экономикасын тәуелсіздікке жетелеген реформа

Қазақстан экономикалық тәуелсіздігін 1993 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы Жарлық...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...