Жаңалықтар

Праймериз қатысушылары партияішілік іріктеу әділ өткенін айтты

ашық дереккөзі

Праймериз қатысушылары партияішілік іріктеу әділ өткенін айтты

«Nur Otan» партиясының праймеризі өз мақсатына жетті.  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов осындай пікір білдірді. «Еліміздегі ең үлкен саяси күш «Нұр Отан» партиясының бүгінгі қоғамдық өмірге енгізіп жатқан әлемдік озық тәжірибе үлгісі жұртшылықты елең еткізді. Оны күнделікті ақпарат ағынынан айқын көруге болады. Жалпы алғанда, «Праймериз»  деген тосын атауы болмаса, өз ішіндегі партия мүшелерін іріктеп, ең таңдаулыларын саяси додаға қосу ниеті халқымызда бұрыннан бар үрдіс. Бұл жолғы шара сол үрдістің ашықтығын қамтамасыз етіп, оны тиімді жүзеге асырудың тетіктерін әлемдік тәжірибемен байыта отырып нақтылау болды», – дейді қоғам қайраткері. «Елімізде бірінші рет өткен праймериз халықтың қаншалықты қоғамда болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтынын көрсетті.  Ашықтық,  жариялылық,  цифрлы Қазақстанның дамуы кезекті рет праймеризде халықтың өз таңдауын жасауға мүмкіндік берді. Әр үміткер әр саланың майталманы болғанымен, сайлауалды бағдарламаға әр бағыттағы мәселені көтерді, атап айтсақ: шағын және орта бизнесті көтеру, жұмыссыздықты жою және т с.с», – дейді ол.