Жаңалықтар

Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

ашық дереккөзі

Медицина бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Euronews. Биыл физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтар - Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа бұйырды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Нақтырақ айтқанда, 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анықтаған. Вирусты ашу инфекцияны анықтайтын тест жүйесы мен дәрі жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде миллиондаған адамның өмірі құтқарылды. Еске сала кетейік, бұған дейін Нобель сыйлығын табыстау рәсімі онлайн-форматта өтетінін хабарлағанбыз. Шара Стокгольм мэриясынан трансляцияланады. Марапатты табыстау рәсімін әлем елдері қашықтан тамашалайды. Жыл сайын айтулы шара Стокгольм филармониясында өтетін. Бұл жолы марапаттарды жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері табыстайды.