Сауд Арабиясы умраға рұқсат берді
Сауд Арабиясы умраға рұқсат берді
Қажылық жасауға рұқсат берілді. Сауд Арабиясы мұсылмандық парызын өтегісі келетіндердің қауіпсіздігін сақтау үшін барлық жағдайды жасаған.
Індет өршіп кеткен соң, жарты жыл бойы Қасиетті қағбаға тек жергілікті халық қана келетін еді. Жексенбіден бастап кіші қажылық басталды. Әзірге күніне 6 мың адамның өтуіне рұқсат берілген. Олар – корольдік тұрғындары және осы елдегі шетелдіктер. Ал басқа елдің азаматтары умраға тек 1 қарашадан бастап келе алады.