Жаңалықтар

Теміртауда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды

ашық дереккөзі

Теміртауда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды

Теміртауда қызметтік автокөлікті тізгіндеген полицей тұманнан жолды көрмей, жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 3 қазан күні Теміртауда «Лада веста» қызметтік автокөліктің жүргізушісі полицей Республика даңғылымен Восточная көшесіне қарай келе жатып, тұман салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында 65 жастағы ер адамды қағып кетті. Ол Теміртау қаласының ауруханасында қайтыс болды. Оқиға орнына Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, облыстық ПД ЖҚБ жеке құрам бойынша инспекциясы, Теміртау қаласы прокуратурасының өкілдері барды. Олардың қатысуымен полиция сержанты наркологиялық диспансерде тексеруден өтті. Сараптама нәтижесі жүргізушінің сау болғанын көрсетті. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі облыстық ПД Анықтау басқармасы жүргізуде. Тергеудің шынайылығы мен жан-жақты болуына күмән жоқ. Іс облыстың ПД басшысының бақылауында», - Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.