Елордада төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады

Елордада төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады

Елордада төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтып өтті,  деп хабарлайды Polisia.kz. “Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр”, – деді Нұрділдә Ораз. Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.