Жаңалықтар

Бішкекте парламент сайлауының қорытындысына қарсы митинг өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Бішкекте парламент сайлауының қорытындысына қарсы митинг өтіп жатыр

Қырғызстанның социал-демократтар партиясының жақтастары Бішкек орталығында митингке шықты. Олар 4 қазанда өткен парламент сайлауының қорытындысына қарсы шығып отыр.  «Сайлау заңсыз өтті деп білеміз. Өйткені сайлау кезінде заң бұзушылықтар болды», – деді партия мүшесі Ирина Карамушкина. Оның айтуынша, бірқатар партия дауыс берушілерге пара беріп, өздеріне дауыс беруге көндірген көрінеді.  Қаланың орталығында өтіп жатқан митингке шамамен 100 шақты адам жиналған. Ескере кету керек, тіркелген 3,5 млн дауыс берушінің 56,5%-ы сайлауға қатысты. Парламенттің жаңа құрамындағы 120 орынға 16 партия таласты. Алдын ала дерек бойынша, парламент құрамына «Бірімдік», «Мекенім Қырғызстан», «Қырғызстан», «Бүтін Қырғызстан» партиялары кіреді.