Ертеңнен бастап Алматыда театрлардың жұмысы жанданады
5 қазан, 2020 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Ертеңнен бастап Алматыда театрлардың жұмысы жанданады
Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған.
Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс.
«Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», - делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында.
Құжат 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді.
Еске салайық, сондай-ақ Алматыда дәмханалардың, көлік жуу орындарының, көлікке техникалық қызмет көрсету станцияларының, жалпы адаммен байланыссыз жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.