Қазақстан азаматтарының мобильдік базасында 2 миллион адам

Қазақстан азаматтарының мобильдік базасында 2 миллион адам

Қазақстан азаматтарының мобильдік базасында 2 миллион адам
ашық дереккөзі
Қазақстан азаматтарының мобильдік базасында 2 миллион пайдаланушылар тіркелген. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы Асет Уаисовтың түсіндіруі бойынша осы базаға қатысу Мобильді үкіметтің ұсынатын барлық қолайлығы мен функцияларын пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл Мобильді үкімет, атап айтқанда, eGov-тың мобильді қосымшасы болып табылады. egov.kz электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдері арқылы әрбір қалаушы Мобильдік үкіметтің пайдаланушысы бола алады және мобильдік базаға тіркеле алады. Ол үшін порталда авторизациядан өту, өзінің телефон нөмірін, құпия сөзін көрсету және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен тіркеуді растау жеткілікті. Бүгінгі күні кез-келген уақытта смартфон немесе планшет арқылы қосымша пайдаланушыларына 80 түрлі  қызметтер мен сервистер қолжетімді. Оның ішінде, мысалы мекенжай анықтамасын алу, балабақшаға баланы кезекке қою, салықтарды, айыппұлдарды төлеу және т.б. Ал мобильді жеке кабинетке келетін болсақ, ол жерге азамат туралы барлық негізгі ақпарат әр түрлі мемлекеттік органдардың деректер қорларынан автоматты түрде тартылып жинақталады. Мысалы, пайдаланушы өз жеке кабинетінде жеке куәлік немесе техбайқаудың қолдану мерзімінің аяқталуы жайлы және де ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар мен борышкерлердің тізіліміне енгізулуі  туралы хабарландыруларды алады. Сонымен қатар, бұл ақпарат SMS-хабарламалары мен push арналары арқылы да келеді. «Мысалы, сіз жол қозғалысы ережесін бұзғаныңыз үшін айыппұл туралы смартфонға хабарламаны алғанда оны бірден  eGov қосымшасы арқылы төлей аласыз. Бұл шын мәнінде өте ыңғайлы», - дейді Уаисов мырза. Кейбір қызметтерді алу үшін ұялы ЭЦҚ қолдану қажет. Ол үшін ЭЦҚ сақтай алатын арнайы SIM-картасын немесе сол ЭЦҚ файлын смартфонға көшіріп қолдануға болады. Қазіргі кезде ЭЦҚ жазылған SIM-карталар Altel мен Beeline абоненттеріне қолжетімді, қалған операторлар бұл жаңашыл сервисті өздерінің техникалық әзірлігіне қарай еңгізбекші. Ұялы телефонды жоғалтқан жағдайда пайдаланушы өзінің Жеке кабинетіндегі  дерекнамасын  бұғаттай алатынын ескере кетейік. Қазіргі таңда, Қазақстанда Мобильді үкімет арқылы 4,5 миллионға жуық қызмет көрсетілген болса, eGov қосымшасы 365 мыңнан аса рет жүктелді.