Каспийдегі 300 шақырымдық теңіз полигоны

Каспийдегі 300 шақырымдық теңіз полигоны

Каспийдегі 300 шақырымдық теңіз полигоны
ашық дереккөзі
Каспийдегі  300 шақырымдық теңіз полигоны ірі артиллериялық оқ атулардың орнына айналды  Каспийде Қазақстан, Ресей және Әзірбайжанның әскери теңізшілері әуе нысанасы және теңіз қалқаны бойынша оқ атуларды орындады. Барлық межеге дөп тигізіп және 75 ұпай жинап, қазақстандық әскери теңізшілер сөзсіз бірінші орынға шықты. Олардың артынан Әзірбайжан мен Ресей корабльдерінің экипаждары жайғасты. Оқ атулар жалпы ауданы шамамен 170 миль немесе 300-ге жуық шақырымдық теңіз полигонында өрістетілді. Әуеден лақтырылған нысана атыстың қолайлы емес бұрышының астында болды. Оның үстіне биылғы жылы күрделілік үшін оның өлшемі кішірейтілді. Соған қарамастан, аға лейтенант Асқар Қапашовтың жетекшілік етуімен «Орал» зымыран-артиллериялық корабліміз маневр жасап үлгерді және атыстың анағұрлым қолайлы бұрышымен жауынгерлік курсқа шықты. Меже бірінші дүркін атыстан жойылды және экипаж Махачкаланың портында өзінің орналасу пунктіне аман-есен оралды. Қазіргі сәтте бірінші кезеңнің екі эпизодының қорытындысы бойынша қазақстандық теңізшілер жалпы ұпай бойынша алда келе жатыр. Қарсылас командалардың ұпай саны бойынша ара-жігі едәуір. Бірақ, алда тағы да екі кезең. Сондықтан корабльдің экипажы жауынгерлік бейімін сақтап, дайындықты жалғастыруда. Каспий теңізінде артиллериялық оқ атулардың қатысушылары Ресей ӘТФ Каспий флотилиясының «Углич» шағын зымыран кораблі және Әзірбайжан ӘТК-нің «G-124» патрульдік-күзет кораблі болды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл сайыстың ерекшелігі теңіздегі конкурстық тапсырмаларды бір уақытта орындай отырып, үш елдің әскери теңізшілері техника мен қару-жарақты пайдалану мәселелерінде тәжірибе алмасады, өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізеді.