Праймериз: Дода үздіктері партияішілік іріктеуге баға берді
Праймериз: Дода үздіктері партияішілік іріктеуге баға берді
Праймериз кандидаттарына дауыс беру бүгін сағат 14:00-де аяқталды. Дауыс беру нәтижесі 6 қазанда жарияланбақ. Десе де, онлайн дауыс беру көшбасшылары қазірдің өзінде белгілі. Олар — партияның жаңа келбеті —қарапайым мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар. Отанымыздың болашағына бейжай қарамайтын азаматтар елімізді тұғырлы өзгерістерге жетелеуге ниетті. Олар партияішілік сайлау жайлы пікірлерімен бөлісті.
Түркістандық Жадыра Қожахметованың пікірінше, «Nur otan» партиясы праймериз арқылы қоғамға үлкен қозғау салды.
«Отаныма пайдам тисін деген оймен партияішілік іріктеуге өз кандидатурамды ұсынуға шешім қабылдаған болатынмын. Праймериз біздің партияның ұтымды шешімі болды деп есептеймін. Партияластарым үшін өз таңдауын жасауға қолайлы жағдай жасалды. Үміткерлерге сәттілік тілеймін!!!», – дейді кандидат.
Ал Алматыны түлетуге күш салғысы келетін үміткер Алмат Қодасбаевтың пікірінше, дауыс беру кезінде праймериздің барлық қағидаттары: жарыспалылық, заңдылық, айқындылық, сайлау құпиясы, диалог үшін ашықтық мүлтіксіз сақталды.