Дәрігер қатерлі ісіктен сақтанудың қарапайым тәсілін атады
Дәрігер қатерлі ісіктен сақтанудың қарапайым тәсілін атады
Ресейлік хирург-онколог Михаил Мяснянкин "Пятый каналға" берген сұхбатында қатерлі ісіктің неден пайда болатынын айтты. Сондай-ақ тәжірибелі маман дерттің алдын алудың қарапайым әдістерін атады.
Дәрігердің сөзінше, созылмалы күйзеліс иммундық жүйені әлсіретіп, рактың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.
"Иммунитеті төмен адамдарда қатерлі ісікке шалдығу қаупі жоғары. Күйзелісті темекі, алкоголь, тойып тамақ ішу секілді жолдармен жеңуге болмайды. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыра түседі", - дейді Мяснянкин.
Маман қауіпті аурудың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, үнемі спортпен шұғылдануға және позитивті ойлау қажеттігін айтты. Онколог, сонымен қатар, сүйікті іспен айналысуға кеңес берді.