Жаңалықтар

Украинада зейнетақы төлеу тоқтатылады

ашық дереккөзі

Украинада зейнетақы төлеу тоқтатылады

15 жылдан кейін Украинада зейнетақы төлеу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Львов университетіндегі дәріс кезінде елдің премьер-министрі  Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп хабарлайды ukraina.ru. Саясаткердің сөзінше, әлеуметтік төлемдердің қысқаруына қоғамның демографиялық құрамының өзгеруі салдарынан мемлекеттік зейнетақы төлеуге қаржы таппауы себеп болмақ. Шмыгальдың айтуынша, алдағы уақытта жұмыс істейтін бір украиндыққа екі зейнеткерден келуі мүмкін. «Зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету үшін салықтарды екі есе арттыруға тура келмек. Компаниялар салықтардың көбеюіне қарсы. Екі есе арттыру мүмкін емес. 15 жылдан кейін біз зейнетақы төлеуге қауқарсыз боламыз. Бұл – қарапайым математика», – деді премьер. Үкімет басшысы мемлекет аз мөлшерде әлеуметтік зейнетақы төлейтінін, сондықтан азаматтарға өз қарттығын қамтамасыз етуге тура келетінін атап өтті. Шмыгаль бұл мәселені шешу үшін жинақтық зейнетақы жүйесін әзірлеу керек деп есептейді.