Жаңалықтар

Италиялықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді

ашық дереккөзі

Италиялықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді

Коронавирустың қайта өршуіне байланысты Римде көшеде бетперде тағып жүру тәртібі қайта енгізілмек. Шектеу дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Италияда бұған дейін бетпердені тек жабық қоғамдық орындарда тағып жүру міндетті болған. Жаңа ереже бойынша 6 жастан асқан ел тұрғындарының барлығы бетперде тағуы тиіс. Тәртіп бұзғандарға 400 еуро айыппұл салынады. Пандемия басталғалы Италияда 320 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Індет құрбандарының саны 35 мыңнан асты. Айта кетейік, 6 қазаннан бастап Қазақстанда шектеу шаралары күшейтіледі. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді. Нидерландта да шектеу шаралы күшейтілді. Елде мейрамханалар мен кафе-барлардың жұмыс уақыты қысқарды. Ал кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Сондай-ақ, барлық спорттық іс-шара жанкүйерсіз өтуі тиіс. Вирустың таралуын тежеу мақсатында Ұлыбритания үкіметі де қатаң шараларды енгізді. Бұдан былай елдегі мейрамханалар сағат кешкі онға дейін ғана жұмыс істейді. Барлық мекеме қызметкерлері бетперте тағуы тиіс. Сондай-ақ үйлену тойларына шақыруға рұқсат етілген қонақтар саны 15-тен аспауы тиіс. Бұған дейін ұлыбританиялықтар той-томалаққа 30 адамға дейін шақыра алатын.