Мүмкіндігі шектеулі жандар праймеризден үлкен үміт күтеді

Мүмкіндігі шектеулі жандар праймеризден үлкен үміт күтеді

Мүмкіндігі шектеулі жандар праймеризден үлкен үміт күтеді
ашық дереккөзі
Ақтөбедегі «Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүшелері праймеризден көп өзгерістер күтеді. Қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіпке баулып, қоғамға бейімдеп жүрген бірлестік өкілдері партияішілік сайлауда да белсенділік танытып таңдауларын жасаған. ⠀ – Үміткерлердің бір ай бұрын басталған үгіт насихат кездесулерінде болдық. Праймеризге еліміздің дамуына үлес қосатын, қоғамдық мәселелерді шеше алатын, нәтижелі іс көрсететін азаматтар қатысып жатыр. Жалпы бағдарламалары және алға қойған мақсаттарымен таныстық. Саламыз бойынша пандус қою мәселесі, қоғамдық көліктердегі арбалардың орналасуы, мүмкіндікі шектеулі азаматтардың білім алуы және олардың кәсіппен айналысуы сынды тақырыптар қозғалды. Лайықты кандидаттарымыз көшбасшылардың қатарынан табылады деп ойлаймыз. Сайлау участоктеріне бармай-ақ онлайн дауыс беруге болады. Уақытымызды жоғалтпауға мол мүмкіндіктер жасалған. PRIMARIES2020 қосымшасы арқылы кез-келген жерден таңдауымызды жасай аламыз», - дейді «Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Елеусізов. ⠀ Қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшесі Болат Калыкбаев депутаттық орындыққа отыратын үміткерлермен алдағы уақытта тығыз жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, праймериз арқылы көптеген жастадың бағы ашылатынын жеткізді.  width= ⠀ –  Қазақта «ақыл жастан, асыл тастан» деген жақсы сөз бар. Жастар қауымына да билік басына келуге мол мүмкіндік жасалуда. Тың идеяларымен келген олар үлкен өзгерістер жасайды деген сенімдемін. Көптеген үміткерлердің бағдарламаларымен таныстым. Қоғам үшін өзекті мәселелерді көтеріп жатырғаны көңілге жылу ұялатады. Ең лайықтылары депутаттық орынға отырады деп ойлаймын. Алдағы уақытта болашақ ел қалаулыларымен бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз. Өзіміздің саламыз бойынша әлеуметтік жобаларымызды дайындап, ұсынатын боламыз дейді, - «Алаш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Болат Калыкбаев.