Жаңалықтар

Аида Балаева: Ұстаз тұлғасы кім-кімге де қасиеті мол қадірлі ұғым

ашық дереккөзі

Аида Балаева: Ұстаз тұлғасы кім-кімге де қасиеті мол қадірлі ұғым

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандық ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтады.  Ұстаз тұлғасы кім-кімге де қасиеті мол қадірлі ұғым. Алғашқы әріпті үйретуден бастап, әр баланың білім қорын ғана емес, олардың тұлға болып қалыптасуындағы өмірлік жолына да әсер ететін Ұстаздар. Сондықтан «бір әріп үйреткен ұстазыңа – қырық жыл тағзым қыл» деген халқымыз қашанда мұғалімнің мәртебесін ерекше құрметтеген. Кешелі-бүгін әлеуметтік желілер арқылы өз ұстазына, тұтас мұғалімдер қауымына арналып жатқан толассыз ыстық ықыластар мен тілектер – осының бір дәлелі, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында. Аида Балаева ұстаздарға өсіп-өнген озат оқушылардың көп болуын тіледі. Мектептегі жылдар – мен үшін де ең бақытты сәттерге, жарқын естеліктерге толы ерекше кезең. Біздің әрбірімізге жеке-жеке жол тауып, сеніп артып, білім үйретіп, маман ғана емес, ең бірінші адам бол деп үйреткен мұғалімдеріміздің еңбегі өлшеусіз болды. Осы орайда, мен де бізге білім беріп, оң мен солымызды танытқан, дұрыс жол көрсеткен мұғалімдерімізді және бүкіл ұстаздар қауымын бүгінгі кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Мерекелеріңізбен, Ұстаздар! Озық тәрбиелеріңізбен өсіп-өнген озат оқушыларыңыз көп болсын, - деп жазды Балаева.