Қасым-Жомарт Тоқаев ГФР басшылығын Германияның біріккеніне 30 жыл толуымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев ГФР басшылығын Германияның біріккеніне 30 жыл толуымен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның біріккеніне 30 жыл толуына орай ГФР Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және ГФР Федералдық Канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Германияның біртұтас мемлекет ретінде қайта қалпына келтірілуі ХХ ғасырдағы маңызды оқиғалардың бірі болғаны күмәнсіз. Сіздердің елдеріңіз теңдік пен бірлік, еркіндік пен әділдік сияқты құндылықтарды басшылыққа ала отырып, бүгінде Еуропаны дамытудың қозғаушы күші ғана емес, сондай-ақ, беделді держава болды. Елдің бұл жетістігі жаһандық деңгейде бүкіл әлемде мойындалды», – делінген Мемлекет басшысының Франк-Вальтер Штайнмайерге жолдаған хатында.