Бұл жерде ұтқандар мен ұтылғандар жоқ – Бауыржан Байбек праймериз үміткерлеріне дауыс берді

Сондай-ақ!

ҚР Тұңғыш Президенті күні жаңа деректі фильм көрерменге жол тартады

1 желтоқсан күні сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде Айгүл Әділованың "Штрихи к портрету" деректі фильмінің алғашқы сериясының тұсаукесері болады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы...

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

Үлкен Алматы каналына жолаушылары бар көлік түсіп кетті. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды - олардың екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz....

«Жала жабылған»: Оқушы қызды зорлады деген күдікті түрме дәретханасында асылып қалды

Оқушы қызды зорлады деген күдікті Павлодардағы тергеу абақтысының дәретханасында асылып қалды. Бұл туралы оның туыстары мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  24 жастағы Дулат Базанов Павлодар тергеу изоляторының...

Ата-аналардан мектепке ақша жинатқан білім басшылары жазаланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мектептер мен емханалардағы жемқорлық жағдайлары тексерілгенін айтты. «Агенттік мектептерде, ЖОО-ларда, емханаларда ақша...
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-сұлтан қаласында Ұлттық кітапханадағы №28 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл туралы ол фейсбуктегі парақшасында жазды. 
– Праймеризде дауыс бердім. Сайлау учаскесіне арнайы барып өз таңдауымды жасадым. Бір жағынан дауыс беру процесінің ұйымдастырылу деңгейін де байқап көрмек болдым.
Партия Лидері Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan»-ның партияішілік сайлауы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық ауқымда өтуде. Бұл – Елбасы бастамасымен қолға алынған партияны «қайта жандандыруды» түйіндейтін кезеңнің бірі.
Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып отыр.
Бастапқыда туындаған күмәнға қарамастан, бүгінде праймериздің өз деңгейінде өтіп жатқанын нық сеніммен айтуға толық негіз бар.
Жария түрдегі партияішілік іріктеу еліміз үшін соны саяси жаңалық ретінде жұрт қызығушылығын туғызып, 10 мыңнан астам қатысушы 60 мыңнан астам кездесу мен пікірсайыс өткізді. Іс-шаралар барысында 1,4 млн. адам қамтылды.
Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әрбір өңір, қала мен аудан бойынша жарияланған 216 сайлауалды бағдарламаның жобасына қатысты 20 мың ұсыныс жиналды. Тұрғындарды толғандыратын тақырыптардың алғашқы бестігіне – тұрғын үйдің қолжетімділігі, жолдарды жөндеу, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау мен білім салаларының деңгейін арттыру мәселелері кіреді. Елбасы тапсырғандай, барлық көтерілген мәселелерді партия ерекше бақылауға алады.
«Праймериз» жүйесінде электронды дауыс беруге қатысу үшін 730 мыңдай партия мүшесі тіркелді. Қазір 600 мыңдай адам дауыс берді, бұлардың ішінде дәстүрлі тәсілмен (қағаз бюллетеньдер арқылы) дауыс берушілер де бар.
Саяси қарбалас қыза түсетінін алдын ала болжап, біз мамандардың ұсынысы бойынша дауыс беру кезеңін үш күнге бөлдік. Әйтсе де, бірінші күні техникалық қиындықтар туындады, біз оны жылдам реттедік. Сонымен бірге кандидаттардың өтініштері бойынша дауыс беруді тағы бір күнге ұзарту туралы шешім қабылданды (4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін). Бұл – әділетті шешім болды.
Елбасының праймеризді ашық, әділ өткізу мен барша қатысушыға бірдей мүмкіндік туғызу туралы тапсырмасының Орталық аппарат үшін маңызы зор. Кім екеніне қарамастан, тәртіп бұзушылықтарға дер кезінде назар аударып, кандидатты дауыс беруден алып тастауға дейін шара қолданып, жұмысты тыңғылықты ұйымдастырып отырған Партиялық бақылау комитеті мен оның жергілікті жерлердегі комиссияларының мүшелеріне алғыс айтамын.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, праймериздің барша қатысушыларына келесі мәселелерді айта кеткім келеді.
Әрине, әркімнің өз күткен болжамы бар. Осы кезеңде көздеген мақсатына жете алмайтындар да, жеңіс тұғырынан көрінетіндер де болады. Дегенмен бұл жерде ұтқандар мен ұтылғандар жоқ. Бәрі де игілікке жетті. Бұл іс-шара ең алдымен еліміз үшін игі іс болды. Жетекші партияда ашық партияішілік сайлау өткізе отырып, сіздермен бірге ұзақ жылдар бойы жемісін беретін жаңа саяси мәдениеттің негізін қаладық. «Nur Otan» партиясының көшбасшылығы осыдан көрінеді.
Барша үміткерге сәттілік тілеймін. Ұйымдастыру комитеті дауыс беру нәтижелерін 6 қазанда жариялайды.

Редакция таңдауы

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяда әзірленіп жатқан вакцина деректерін ұрламақ болды

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяда әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина деректерін ұрламақ болды....

Омбыда қазақ мәдениеті апталығы өтті

Омбы қаласында «Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақ мәдениеті апталығы...

ҚР Тұңғыш Президенті күні жаңа деректі фильм көрерменге жол тартады

1 желтоқсан күні сағат 21:40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде Айгүл Әділованың "Штрихи к...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың...

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

Үлкен Алматы каналына жолаушылары бар көлік түсіп кетті. Апат салдарынан жүргізуші мен...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...