Праймериз-2020: партия мүшелерінің 69 пайызы өз таңдауын жасады
Праймериз-2020: партия мүшелерінің 69 пайызы өз таңдауын жасады
«Nur Otan» партиясы праймеризіне дауыс беру жалғасуда. Партияішілік сайлау үміткерлеріне дауыс берудің 3 қазан сағат 14.00-дегі нәтижесі мынадай: республика бойынша 787 мыңға жуық адам партия мүшесі болса, соның 544 мыңнан астамы, яғни 69 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді.
Праймериз қатысушыларына дауыс беруде ең белсенді аймақтардың көшін Ақмола облысы (85,7%) бастап тұр, Атырау облысы (85,6%) екінші орынға жылжыса, Алматы облысы (82,6%) үшінші орынға табан тіреді.
Ал соңғы орындағы үштіктің тізімі өзгеріссіз – Қостанай облысы, Нұр-сұлтан қаласы және Қарағанды облысы.