Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны MTV USA арнасында көрсетілді

3 қазан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны MTV USA арнасында көрсетілді Осылайша Димаш – MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш әнші болды. Бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы әлемнің кез-келген елі тамашалай алады. Телеарнада және арнаның YouTube-тегі ресми парақшасында «MTV’s Friday Livestream» бағдарламасында Димаштың «Qairan Elim» әнінің бейнебаяны көрсетілді. Димаштың MTV-дегі тұсаукесерін Dimash USA fan Club жанкүйерлерінің Instagram парақшасынан тамашалауға болады.