Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны MTV USA арнасында көрсетілді
Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны MTV USA арнасында көрсетілді
Осылайша Димаш – MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш әнші болды. Бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы әлемнің кез-келген елі тамашалай алады.
Телеарнада және арнаның YouTube-тегі ресми парақшасында «MTV’s Friday Livestream» бағдарламасында Димаштың «Qairan Elim» әнінің бейнебаяны көрсетілді. Димаштың MTV-дегі тұсаукесерін Dimash USA fan Club жанкүйерлерінің Instagram парақшасынан тамашалауға болады.