Праймериз-2020: Шымкент қаласының әкімі кімге дауыс бергенін айтты

Праймериз-2020: Шымкент қаласының әкімі кімге дауыс бергенін айтты

Праймериз-2020: Шымкент қаласының әкімі кімге дауыс бергенін айтты
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы праймеризіне дауыс беру жалғасуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданында орналасқан №27 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.  «Әр үміткердің бағдарламасын тыңдадым, толыққанды танысып шықтым. Менің таңдауым өз ой-пікірін дұрыс жеткізе білген, тиянақты бағдарлама ұсына білген әйел азаматқа түсті. Ол азаматтың сөзі мен ісі үйлесетініне сенімім мол», – деді қала әкімі. Айта кетейік, офлайн дауыс беруді таңдаған партия мүшелері таңғы 8.00-ден бері сайлауға белсенді қатысуда. Бұл учаске бойынша 37 кандидат тіркелген. Сайлау учаскелерінің жұмысы үгін, яғни 3 қазан күнгі 14.00 аяқталды. Кеше Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілгенін еске саламыз. Оған сәйкес, веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзарды. Праймериздің жалпы қорытындысы 5 қазан күні белгілі болады.