Павлодар облысының әкімі праймериз үміткерлеріне дауыс берді

Павлодар облысының әкімі праймериз үміткерлеріне дауыс берді

Павлодар облысының әкімі праймериз үміткерлеріне дауыс берді
ашық дереккөзі
Павлодар облысының 149 сайлау учаскесінде таңертеңнен бастап өңірдегі партия мүшелері белсенді дауыс беруде. Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы ретінде облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов та өз дауысын берді. Павлодар облысы дауыс берудің алғашқы күнінен бастап жетекші орынға ие болды, бүгінгі күні таңғы 9-да республикалық рейтингте 6-шы орында. Облыс бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары. Аудан бойынша бірінші орында Тереңкөл ауданы.  width= «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың айтуынша, облыс бойынша барлығы 149 сайлау учаскесі ашылып, жұмыс істеуде, оның 122-де онлайн дауыс беруге болады, 27-сі бюллетеньдер бойынша. – Праймеризге 553 үміткер қатысуда. Жалпы облыс бойынша партия мүшелері белсенділік танытуда. Партияның 50-ға мыңға жуық мүшесінің 33 мыңға жуығы дауыс берді. Шалғай аудандардың тұрғындары бюллетеньдер бойынша дауыс береді.  width= Сайлау учаскелері бүгін сағат 14:00-ге дейін жұмыс істейді, ертең онлайн-режимде сағат 14:00-ге дейн дауыс беруге болады. Дауыс беру нәтижелері 5 қазанда жарияланады. Бөліп айтары, бірнеше үміткерге дауыс беруге болады. Республика бойынша сенбі күні сағат 12:00-де 531 мыңнан астам адам дауыс берді.