Жаңалықтар

Жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

ашық дереккөзі

Жол ережесін бұзғандарға 4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Алматыда жыл басынан бері 650 мың адам жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар қала көшелеріндегі жол апатының жиілеуіне түрткі болып отыр. «Биыл 8 айда ҚР Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 654 мың 378 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға 4 млрд 364 млн теңге айыппұл салынды. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына 8 мың 534 әкімшілік іс материалдары жіберілді. 1 мың 267 адам жүргізуші куәлігінен айрылды. 816 адам қамауға алынды», – деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.