Праймериз-2020: Атырауда ұстаздар қауымы сабақ арасында дауыс беруде

Праймериз-2020: Атырауда ұстаздар қауымы сабақ арасында дауыс беруде

Праймериз-2020: Атырауда ұстаздар қауымы сабақ арасында дауыс беруде
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы праймеризіне дауыс беру жалғасуда. Ел сенімін ақтайтын жаңа көшбасшыларды іріктеуге Атырау тұрғындары да белсене атсалысуда. Бұл өңірдегі партиялықтардың 80 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Өңірдегі ұстаздар қауымы онлайн сабақ арасында компьютер арқылы дауыс беруде. №30 мектеп-гимназиясының мұғалімдерінің көпшілігі алғашқы күні-ақ таңдау жасаған. Мұнда қызмет атқаратын педагогтардың жартысынан көбі «Nur Otan» партиясына мүше. Мектеп директоры Гүлфия Есқайырова соңғы 17 жылдан бері партияның саяси науқанынан қалып көрмегенін айтады. Бұл жолы елдің алды болып праймериз үміткерлеріне дауыс берген. «Білім саласының болашағын ойлайтын, осы саланы дамытуға мүдделі, мұнда қызмет атқаратын педагогтардың мәртебесін көтеруге ынталы белсенді кандидаттарға өз дауысымды бердім», - дейді мектеп директоры. Айта кетейік, кеше Орталық ұйымдастыру комитетінің хаттамалық шешімімен Республикалық күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізілгенін еске саламыз. Оған сәйкес, веб-сайт және мобильді қосымша арқылы онлайн дауыс беру мерзімін тура бір тәулікке, 2020 жылғы 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін ұзарды. Ал сайлау учаскелері бүгін, яғни 3 қазан күнгі 14.00-де жабылады.Барлық құқықтар сақталған.